Мемлекет басшысы өз құттықтауында биылғы Наурыз мейрамы қасиетті Рамазан айт мерекесімен қатар тойланып отырғанын ерекше атап өтіп, табиғаттың жаңаруы мен рухани тазарудың символы саналатын осы күндердің барша отандастар үшін ізгілік, бірлік және береке мерекесі екенін айтты. Сондай-ақ әлемнің алыс-жақын елдерінде еңбек етіп, білім алып жүрген отандастарға жүрекжарды сәлемі мен ақ тілектерін жолдады.

Президентіміз ұлтына, тілі мен дініне қарамастан әрбір жерлесіміздің ризашылығын табу және халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы жұмыстар жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын атап өтті. Биылғы мереке «Наурызды ұлықтау – адамды ұлықтау!» деген ұстаныммен өтіп жатқаны да осы игі мақсаттардың айқын көрінісі екені айтылды.

Шара барысында елдің барлық өңірлеріне, ауылдар мен елді мекендерге Жаңа Өзбекстан рухын жеткізу бағытында ауқымды жұмыстар басталғаны сөз болды. Жаңа жұмыс орындарын ашу, кедейлікті азайту, әлеуметтік қорғауды күшейту жолында маңызды қадамдар жасалып жатқаны, заманауи кәсіпорындар, инфрақұрылым желілері, жайлы тұрғын үйлер, білім, медицина, мәдениет және спорт нысандары салынып жатқаны атап өтілді. Алдағы уақытта бұл игі бастамалардың ауқымы одан әрі кеңейетіні айтылды.

Мемлекет басшысы осы шуақты сәтте еңбекқор диқандар мен фермерлерге ерекше құрмет білдірді. Олардың халық дастарқанын молшылыққа кенелтудегі еңбегі жоғары бағаланып, бұл бағыттағы мемлекеттік қолдау жалғасатыны жеткізілді.

Президент Жаңа Өзбекстан ел жастары үшін үлкен мүмкіндіктер мен жарқын жеңістер алаңына айналып келе жатқанын ерекше атап өтті. Бүгінде білім, ғылым, мәдениет пен өнер, спорт, ақпараттық технологиялар және бизнес салаларында жаңа есімдер мен жаңа тұлғалардың қалыптасып жатқаны айтылып, осындай білімді, талапты жастармен бүкіл халық мақтанатыны жеткізілді.

Мемлекет басшысы жастарға үндеу жасап, олардың Үшінші Ренессанс дәуірінің құрылысшылары болу құрметіне ие болып отырғанын атап өтті. Жастарды бейбіт өмірдің, кең мүмкіндіктердің, ата-ана мен ұстаз еңбегінің қадірін біліп, үздіксіз білім алып, өзін дамытуға шақырды. Сонымен бірге ел жастары үшін барлық қажетті жағдай жасалатыны айтылды.

Салтанатты шарада махалла институтының қоғам өміріндегі рөліне де ерекше назар аударылды. «Махалланы дамыту және қоғамды ілгерілету жылы» аясында жүзеге асып жатқан бағдарламаларда отбасындағы татулықты нығайту, әлеуметтік мәселелерді жергілікті деңгейде шешу, ізгілік пен әділетті орнықтыруда ақсақалдар мен аяулы аналадың, «махалла жетілігі» мен белсенді азаматтардың маңызды рөл атқаратыны айтылды.

Осыған орай Мемлекет басшысы ертең атап өтілетін Махалла жүйесі қызметкерлері күнімен барша махалла жетекшілері мен белсенділерін құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі.

Мыңжылдықтар бойы халықтарды байланыстырып келе жатқан Наурыздың бейбітшілік, достық және ынтымақтастық идеялары бүгінгі күрделі кезеңде ерекше маңызға ие екені атап өтілді. Өзбекстанда тұратын 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бұл мерекені бірлікпен, қуанышпен қарсы алуда. Осындай татулық пен келісім Жаңа Өзбекстанды бірге құрудың берік негізі екені айтылды.

Қоғамдағы ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға барлық күш жұмылдырылатыны, сондай-ақ көрші және бауырлас елдермен бірге Орталық Азияның ортақ үнін қалыптастырып, аймақтың бейбітшілік пен ынтымақтастық мекені ретіндегі беделін арттыру маңызды екені атап өтілді.

Мемлекет басшысы шараға қатысқан шетелдік елшілер мен халықаралық ұйым өкілдерін де Халықаралық Наурыз күнімен құттықтап, олардың халықтары мен елдеріне ізгі тілектерін жолдады.

Президентіміз халыққа тағы да үндеу жасап:

«Ежелгі игі дәстүрімізді жалғастырып, көшет отырғызып, бақ өсірейік, үйіміз бен махалламызды көркейтіп, өмірімізді одан әрі гүлдендірейік!

Тату көрішілік, бірігіміз бен ізгі істеріміз арқылы биік белестерге ұмтылатын халық екенімізді әлемге көрсетейік!

Бір Отан, бір халық болып, жаңа өмір, жаңа тарих, жаңа болашақ құрайық!».

Мереке ауқымды концерттік бағдарламаға ұласты. Фольклорлық-этнографиялық ұжымдар мен өнерпаздардың өнері, ұлттық ойындар мен әзіл-оспақ көріністері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері, парламент пен үкімет мүшелері, түрлі өңірлерден келген қонақтар және елімізде қызмет атқарып жүрген дипломатиял