Облыс әкімдігінің ресми қабылдау залында аумақтардан жиналған оқытушылар облыс әкімдігінің алғыс хат және 4 900 000 сўм ақшалай сыйлығымен марапатталды. Облыс әкімі оқытушыларды жанкүйер әрі тиімді еңбегінің нәтжесінде елімізде жетекші болғандығын айрықша тілге тиек етті.
Науаи облсында білім сапасы мен мазмұнының жоғары дәрежеде ұйымдастырылуының нәтижесінде 359 жалпы білім беретін мектепте оптикалық талшықты жоғары жылдамдықтағы интернет өткізіліп, «education» тарифке өткізілді. 232 жалпы білім беретін мектепте «kundalik.com» электронды күнделігі енгізіліп, қағаз формасындағы күнделік пайдаланылмайды. 164 мектепте Wi-fi зоналары мен локалды тармақтар құрылды.
Науаи қаласындағы 8-мектеп Ақпарат технологиялары және информатика пәнін тереңдетіп оқытуға мамандандырылды. 8 қала және ауданда IT-орталықтары өз қызметін бастады. Халыққа білім беру жүйесінің ресурстары, күш және құралдарды автоматты түрде басқару жүйесі «ИРП» барлық жалпы білім беретін мектептерге енгізілді.
Сонымен қатар, бүгінде облыстық халыққа білім беру жүйесіндегі оқытушылар мен жауапты тұлғалардың іс-әрекеттімен «Бір миллион өзбек бағдарламашылары» жобасы аясында облыс бойынша 53 517-ге жуық оқушы мен оқытушы оқып, бағдарламашы кәсібін иеледі.
Науаи облысы еліміздің басқа облыстары арасында ең жоғары көрсеткіш көрсетіп, Президенттің сыйлығы «Спарк» автомашинасын алды, сондай-ақ бірнеше оқытушы «Халқ таълими аълочиси» төсбелгісімен марапатталды.
Бұдан тыс, бағдарламашы кәсібін иелеген оқушыларды фрилансерлік қызметке жұмылдырылып, 100 оқушының фрилансерлік қызмет арқылы табыс табуы жолға қойылды, деп хабарлады Науаи облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Халыққа білім беру басқармасы мәліметіне сүйеніп.