Кездесу барысында облыс әкімі шет мемлекеттермен, атап айтқанда АҚШ және Украинамен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жеделдету үшін қолда бар мүмкіндіктер, инфрақұрылымдық және логистикалық жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Өз кезегінде Өзбекстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Жавлон Вахобов бұрындары Науаи облысы мен АҚШ және Канада компаниялары арасында түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту жұмыстары жүргізілгенін, соңғы жылдары алған тәжірибелерінің жемісі ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту тараптар үшін өзара мүдделі болуын атап өтті.
Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының Украинадағы елшісі Алишер Қурманов Науаи облысымен Украинаның Запорожье облысы арасында сауда-экономикалық, ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты жеделдетуге қызмет ететін бауырластық қарым-қатынастар орнағанын атап өтті.
Келіссөздер барысында тараптар болашақта шетелдік және отандық компаниялар мен өнім өндіруші кәсіпорындар арасындағы іссапар алмасуды күшейту, IT, өнеркәсіп, тоқымашылық, жеміс-көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша жоспарлы және тиімді жұмыстарды бірлесіп жүргізуге келісті, деп хабарлайды Науаи облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.