Науаи облысында “Болашақ лидерлері” клубы өз қызметін бастады

    Ел назарында 26 Avgust 2021 2273

    Науаи облысында да “Болашақ лидерлері” клубы құрылды. Аталмыш клубтың ашылуы жастардың әлеуметтік белсенділігін одан әрі арттыруға қол жеткізуді мақсат еткен.

    Науаи қаласында клубтың ашылу салтанатында мемлекеттік органдарға, басшылық лауазымдарына жас кадрларды басқышпа-басқыш дайындаудағы клуб алдында тұрған міндеттер ерекше айтылды. Ережеде белгіленген талап негізінде төрт басқышта сынақтан өткізілген 510 үміткер арасынан ең лайықты деген 50 лидер жастар клубы мүшелігіне қабылданды. Олардың 12 -сі жоғары оқу орындарының студенттері, ал 38 жас мемлекеттік азаматтық қызметкерлерден құралған.

    —Қоғамда шешімін күтіп жатқан проблемалар бір талай, — деді клуб мүшесі, Науаи мемлекеттік педагогика институтының жастар жетекшісі Нодиржон Умаров. — Проблемалар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік тармақтарда кең көлемде сыни талдаулар арқылы көтерілуде. Біз, клуб мүшелерінің міндеті ділгірлікті көтеру емес, оның шешімін табу, деп білемін. Бүгінде ділгір мәселелердің көбеюі басшы кадрлардың басқару бойынша жетерлі білім мен біліктілікке ие еместігінде деп ойлаймын. Біз бүгіннен міне осындай ділгірліктермен істеп, олардың шешімін дер кезінде табуды үйренсек, іс жүзінде оны дәлелдесек, әрине, болашақтың лидерлері болып қалыптасамыз.

    Шара соңында жас лидерлерге арнайы төсбелгі және естелік сыйлықтар тапсырылды, деп хабарлады Науаи облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates