баннер
26 Mar 2025
11:53

    Хорезмдік 11-сынып оқушысы фрилансерліктен 500 доллардан астам табыс табуда

    Жұмыс берушілерге Жавохирдің жұмысы ұнағандықтан оған пайдалануы үшін ең заманалық технология құралдарымен қамтамасыз етті.

    Үргеніш қаласындағы 5-санды жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Жавахир Мақсудов жас болуына қарамастан бүгін заманауи мамандықтарды меңгерумен қатар фрилансерліктен табыс тауып отыр.

    Жавахир 15 жасынан заманауи кәсіптерді меңгеру үшін бағдарламалау, копирайтинг, графикалық дизайн, мобилография, монтаж, визуалды пиар және СMM салаларын мұқият меңгере бастаған.

    «Маған 9 жасымда әкем үйімізге ноутбук әкеліп берді де, оны бастан-аяқ түсініп, компьютерде оңай жұмыс істей алатын бол, компьютер бұзылса да, оны өзіңіз жөндеп, барлық бағдарламаларды қалай істеуді үйреніп алыңыз, деп қолыма тапсырған еді. Бұл мені АйТи саласын шындап үйренуге түрткі болды», - дейді кейіпкеріміз.

    Дәл қазір Жавохир заманалық кәсіптерді үйренудің арқасында креативті пікірлеу қабілеті, шығармашылық әлеуеті себепті «KHISO» Olympiads School, «Үргеніштегі жағажай үйлері» құрылыс компаниясы, «Unify» оқу орталығы және Жастар істері агенттігінің Хорезм облысы басқармасында фрилансер ретінде жұмыс істейді.

    Жавахирден тіл білу дәрежесі туралы сұрағанымызда, ол IELTS-тен 6,5 балл жинағанын айтты. Қазір Жавахир халықаралық Вестминстер университетінде оқуға кіруге дайындалуда. Ондағы мақсат – АйТиді тереңірек үйрену, оның жаңа қырларын ашып, жастарға үйрету.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech