Нетаньяху Дохаға жасаған шабуылы үшін Қатардың Премьер-министрінен кешірім сұрады

    Израиль Иремьер-министрі Биньямин Нетаньяху жуырда Дохада Палестиннің ХАМАС радикалдық қозғалысының штаб-пәтеріне ұйымдастырған және Қатар қызметкерінің өліміне себеп болған шабыуыл үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Қатар Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

    Сондай-ақ Израиль Премьер-министрі Қатар аумағына мұндай шабуылдар алдағы уақытта қайталанбайды деп уәде берді.

    Бұған дейін Израиль телевидениесінің 12-арнасында Нетаньяху Қатар Премьер-министрі және сыртқы істер министрі Мухаммад бин Абдулрахман Ал Танимен телефон арқылы сұхбатта 9 сентябрь күні Дохада Палестинаның ХАМАС радикалдық қозғалысының жетекшілеріне шабуыл жасап, елдің егемендігін бұзғаны үшін кешірім сұрағаны хабарлаған еді.

    Телеарнаның хабарлауынша, Израиль Премьер-министрі АҚШ Президенті Дональд Трамп қатысуында Ақ үйден катарлық әріптесіне қоңыраулаған, деп хабарлайды tass.ru.

    Сұхбат барысында Нетаньяху шабуылда Қатар қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанына өкініш білдірді, деп хабарлады телеарна дереккөзге сүйеніп.