Некеден алдыңғы тексерудің маңызы, рөлі,жол-жорықтары туралы Республикалық халықтың репродуктивтік саламаттығы орталығының директоры Шаҳноза Зуфарова ақпарат берді:
– Өзбекстан Республикасы Миниистрлер Кабинетінің 2003 жылғы 25 августағы “Некеден өтетін тұлғаларды медицинадық тексеруден өткізуге қатысты ережені бекіту туралы” қаулысына сәйкес болашақ келін-күйеулер тегін медициналық тексеруден өткізіледі .
Некеден өтетін тұлғаларды медициналық тексеруден өткізуден көзделген басты мақсат — тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, жанұядағы ортаны қалыптастыру.
— Некеден өтетін тұлғалардың медициналық тексеруден өтуі қайсы тәртіппен жүзеге асырылады.
— Некеленетін тұлғалар Бірыңғай интерактив мемлекеттік қызметтер порталы арқылы некені тіркеу үшін арыз береді.
Содан соң жіберілген арызды АХАТ органдары қарайды, тұлғаларды медициналық тексеруден өту үшін жолдама береді.
Тексеруден өткен соң, неке құрылуына Өзбекстан Республикасы Жанұя кодексінде көзделген тосқауылдар болмаған жағдайда, АХАТ органдары тарапынан некені тіркеу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Олар медициналық тексеруден өту үшін өздеріне қолайлы көптрамақты поликлиникалардан өтуі мүмкін.
2021 жылғы 1 июньнен азаматтардың тұрақты (уақытша) тіркеуден өткен жерінен тыс азаматтық жағдайының хаттамаларын тіркеу, некеленуші тұлғаларды медициналық тексеруден өткізу сныды практикалар экстерриториалдық принцип негізінде жүзеге асырылады.
— Болашақ жас жанұя қайсы медициналық тексрулерден өтеді ?
— Жастар көптармақты поликлиникаларда тегін диспансеризациядан, яғни кардиолог, эндокринолог, ревматолог мамандарды жұмылдырып некеден алдыңгы тексеруден өтеді де қосымша УТТ, ЭКГ, жалпы қан талдауы, қандағы қант мөлшері анықталады.
Рухани аурулар (шизофрения, эпилепсия, олигофрения) бойынша тексеру, наркологиялық аурулар бойынша тексеру, туберкулез ді тексеру, СПИД бойынша тексеру жүргізіледі.
Олардың өткендігі туралы нақтамалар мәліметнамада көрсетіледі .
Мәліметнамада медиуциналық мекеменің мөрі мен басшысының қолымен расталады.
Денсаулық сақтау министрлігі
Матбуот хизмати.