Отбасы мүшелерінің ой-пікірін түсіну, әдебін бақылау, орынды және талаптарын орындау үшін ауыр салмақтылық пен, іскерлікті қажет етеді.
Бүгінде отбасында ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін сақтамау көп жағдайда дау-дамайға себеп болып, соңы ұрыс-жанжалдан соң тіркелген ажырасулар қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналғаны рас.
Үстіміздегі жылдың тоғыз айында бір ғана Сырдария ауданында 1158 бала әке немесе ана мейірінен, толық отбасында өмір сүру бақытынан айырылған.
Бұл отбасындағы рухани алшақтық, ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы, жастардың зиянды әдеттерге бой алдыруы, өз бетінше өмір сүруге дайын болмауы, маскүнемдік, нашақорлық, өмірді дұрыс түсінбеу, ата-ананың қасиеттілігін жете түсінбеуінің салдары екені даусыз.
Осы кезеңде облыста ажырасулар саны 1331-ді құрады. Ең жоғары көрсеткіш Гүлістан қаласында 270, Сырдария ауданында 193, Баяут ауданында 157-ні, Жаңажер қаласында 115-ті көрсетуде.
Рас, ажырасулардың көбейіп бара жатқаны өте өкінішті. Алайда, ажырасудың себептерін талдай келе, ата-аналар балаларының райына қарамай, арман-ниетке беріліп, “мен де басқаларға ұқсап келін алуым керек” деп асығыс той өткізудің арқасында мінез-құлқының бір-біріне сәйкес келмеуі салдарынан 486 ажырасу тіркелген, ұзақ мерзім бір-бірімен жасамағандықтан 109 ажырасу тіркелген. Яғни, ерлі-зайыптылар бұрыннан ажырасып кеткен, бірақ ажырасу ресми түрде тіркелмеген. Азаматтық некемен басқамен жанұя құрып, балалы болған соң, бірінші жанұясымен ажыраспақшы болып сотқа өтініш бергендер де бар.
Себептерді талдауды жалғастыратын болсақ, баласыздықтан 186 ажырасу тіркелсе, үшінші тұлғаның араласуы нәтижесінде (ене, қайын ата, қайын сіңлі, қайнаға, абысындар) 84, миграция (күйеуінің немесе әйелінің басқа елге қоныс аударуы) салдарынан 73, маскүнемдік пен нашақорлық салдарынан 76-сы, қиянат салдарынан 59 ажырасу тіркелген.
Жоғарыда айтылғандай, әке-шеше мейірмінен, толық отбасында өмір сүру бақытынан айырылған 1158 балаға да отбасындағы рухани олқылық, ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы, жастардың зиянды әдеттерді үйренуі, дербес өмірге дайын болмауы, маскүнемдік, нашақорлық, өмірге жеңіл қарау, отбасының қасиеттілігін түсінбеушіліктен туындаған алауыздықтардың құрбаны болған.
Дұрыс, түсініспеушілік орын алған жағдайда үлкендердің, көрші-қолаңның, махалла жамағаттың, жалпы жұртшылықтың араласуымен, ақыл-кеңесімен ымыраға келу, жарастыру қолға алынатыны рас. Облыстық Отбасы және әйелдер басқармасы тарапынан ажырасудың алдында тұрған 701 жанұяға жеке сұхбат жүргізіліп, жанжалдың себептерін терең зерттеп, мәселенің шешімін тауып татуластырылған. Өзара келіспеушіліктің салдарының есебіне татуласудан кейін отбасында жағымсыз жағдай болмайтынына кепілдік болған жағдайда ғана татуласу қолданылады. Алайда, отбасында зорлық-зомбылық, дене жарақатын алу фактілері орын алса, мәселе тереңдей түссе, егер өзара байланыс үзілсе татуласуға мүмкіндік жоқ. Өйткені ерлі-зайыптыларды татуластыруға мәжбүрлеу жақсылыққа апармайды.
Бірнеше мысалдарды келтірейік.
Облысымызда тұратын бір әйелдің жанұясын үйренгенде, күйеуінің 14 жылдан бері есірткі қолданып келгені анықталған, отбасын асырау тек әйелдің міндетінде екен. Сұхбат барысында ол күйеуінің нашақорларды үйге қалаған уақытта әкелетінін, әйел жұмыста болған кезде оның екі қызы үйге кіруге қорқып, анасын қақпа алдында күтіп тұратынын, қыздарының болашағына алаңдап ажырасуды ұйғарады. Сіз осы жағдайдағы әйелге күйеуімен ажыраспауға кеңес бере аласыз ба?
Үш баланың анасы 10 жыл бойы отбасында күйеуінен зорлық көрген. Күйеуі әрдайым ұрып, денесі көгеріп жүрген әйел жанұясын сақтап қалу мақсатында әр кез күйеуінің айыбын жасырып келген. Ақыры денсаулығынан айырылып, мүгедек болып қалды. Нәтижесінде әйел «бір күні мені өлтірсе, балаларым көшеде қалады» деген ойға келіп, шешім қабылдауға арызданған. Мұндай жағдайды көре біле тұра, әйелдің кісі өлтіру құрбанына айналуына саналы түрде жағдай жасауы мүмкін бе?
Екі балалы отбасында әйел ішімдікке салынған. Әйелін бұл жолдан қайтара алмаған күйеу соңғы шара ретінде ажырасуды таңдап сотқа жүгінген. Анасының сұмдық келбетін көріп өскен балалардың болашағына алаңдаған әке осындай шешімге келген. Сіздің сүйікті адамыңыздың отбасында осындай жағдай болса не істер едіңіз?
Отбасылық құндылықтарымыздың тарихына көз жүгіртсек, ежелден ер адамдар отбасының тірегі саналған. Әрбір ер азамат өз отбасының тірегіне айналып, бас болуы, тәрбие тізгінін ұстауы керек. Сондай-ақ, үлкен өмірлік тәжірибеге қариялар мен қоғам өкілдері жанұяны нығайту қоғамымыздың салауаттылығы мен перзенттеріміздің жарқын болашағы жолында өсіп келе жатқан ұл-қыздарымыздың дұрыс тәрбие алуына, өз үлестерін қосуы қажет. Өйткені, отбасы беріктігі жолындағы тәрбие — дені сау отбасынан басталады.
Наргиза Тожибоева,
Сырдария облыстық
Отбасы және әйелдер басқармасының басшысы.