Отбасындағы қылмыстар талқыланды

    Бұрын хабарланғандай, Сенаттың Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитетінің төрағасы Қ.Бурханов басшылығындағы республикалық жұмысшы топ Әндіжан облысында үйрену жұмыстарын жүргізуде.

    Жұмысшы топтың кезекті зерттеуі Әндіжан облысының Ходжаабад ауданында жүргізілді. Оған республикалық жұмысшы топтың мүшелері, жергілікті атқарушы билік өкілдері, махалла белсенділері, жергілікті Кеңес депутаттары мен хатшылық меңгерушілері қатысты.

    Үйрену барысында ауданның «Куприкбоши» МАЖ аумағында орналасқан 30-мектепте өткен жиында ауданда отбасылық өмірдегі келіспеушіліктер мен кикілжің жағдайлардан орын алған 2 қылмыс кеңінен талқыланды.

    Сондай-ақ, жұмысшы топ облыстың Ізбасқан ауданында да болып, ауданға қарасты Төрткөл махалласында отбасында болған қылмысты талқылады.

    Анықталғандай, ағымдағы жылдың 12 сентябрінде Ізбасқан ауданы, «Төрткөл» МАЖ, «Хотира» көшесінің тұрғыны отбасындағы кикілжіңге байланысты әйелі, енесі және қайын інілерімен жанжалдасып, оларға пышақпен дене жарақатын жеткізген. Нәтижеде пышақ ұстаған азаматтың өмір жолдасы мен қайын енесі сол жерде, ал қайын ағасы ауруханада көз жұмды.

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша осы екі ауданда өткен жиында Сенаттың Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитеті төрағасының орынбасары Т.Мадумаров, Әндіжан облысы махалла және нуранилерді қолдап-қуаттау басқармасының басшысы М.Нишонов, аудан әкімдері, сектор басшылары сөз сөйледі.

    Олар отбасындағы дау-дамайлардың алдын алуда қоғам басшылары мен ақсақалдар, әйелдер белсенділерінің жанүйерлік танытуы, отбасында салауатты орта қалыптастыру, тұрғындар арасында өзара сыйластық пен келісімді нығайту, жастардың білім деңгейлерін арттыру, әсіресе, шаңырақ құрмақш болған жастарға, олардың ата-аналары және басқа да туыстары отбасылық білімді үйретіп, жанұялық қарым-қатынастарға дайындалу қажеттігін атап өтті.

    Сонымен қатар, Қ.Бурханов жағдайға өз көзқарасын білдіріп, қылмыстың салдары емес, оны тудыратын себептерін тереңінен үйрену, талдау, олармен күресу шараларын қолға алу қажеттілігіне көңіл бөлді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.