Әсіресе жас бүлдіршіндерге арналған 120 орындық мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесінің іске қосылуы әрбір отбасына қуаныш сыйлады.
Бұл өз кезегінде аудандағы 22 жұмыссызды жұмыспен қамтамасыз ететін жаңалық болды.
Заманауи, әсем ғимаратта Махалла азаматтар жиынының мекемесі, профилактикалық инспектор бөлмесімен бірге азаматтарды кәсіптік оқыту орталығы орналасқан. Қазір жастар мен қыз-келіншектер осы жерде оқытылып, сала мамандары тарапынан оларды жұмыспен қамту шараларын қолға алуда, деп хабарлайды Шерабад ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі өзгерістердің негізінде халықтың көңілінен шығу, сол арқылы баршаны қоғамның белсенді мүшесіне, игі мақсаттар төңірегінде бірлескен күшке айналдыру сияқты мақсаттар жатыр.
Дайындаған Феруза Жураева.