Кездесуде әлеуметтік-еңбек қатынастары мен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Диалог барысында адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес саласында өзара тәжірибе алмасу, аталмыш бағыттағы нормативтік-құқықтық құжаттарды жетілдіру, заманалық құлдыққа қарсы күресте ынтымақтастықты орнату жөнінде пікір алмасылды.
Британия тарапы 2023 жылдың соңында Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері бойынша Ұлттық комиссия ретінде қайта құрылған Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін жоғары бағалады.
Тараптар еңбек қатынастары саласында жаңа біріккен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру, озық технологияларды пайдалану және салаға инновациялық әдістерді енгізу бағыттарында ынтымақтастықты орнатуға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.