Мессенжерде сізге бейтаныс, бірақ сіздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңызда бірнеше таныстарыңыздың достары тізімінде бар болған тұлға сізге смс жазып, жеңіл және табысты қосымша жұмыс ұсынады.
Немесе банкомат жанында күйзеліске түскен бір бейтаныс адам сізге өзінің шарасыз жағдайға тап болғанын, шұғыл ақша керек екенін, банк картасының жұмыс істемей қалғанын айтады. Содан кейін ол танысы жіберетін ақшаны сіздің пластик картаңызға салуды, оны шешіп алуға көмектесуіңізді сұрайды.
Бір қарағанда, мұнда күдікті ештеңе жоқ сияқты. Өмірде түрлі жағдайлар болып тұрады. Бірақ келіспеңіз! Сіз алаяқтық схеманың қатысушысы болуыңыз мүмкін. Бұл тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
1. Мүмкін, алаяқтар сізді «дроп» ретінде, яғни делдал ретінде пайдаланбақшы.
Алаяқтармен қарым-қатынаста болмау үшін не істеу қажет?
1. Банкомат жанындағы бейтаныс адамдарға көмектесуге келіспеңіз.
Егер банкомат банк ғимаратында орналасса, осы мәселе бойынша банк қызметкерін шақырыңыз. Егер банкомат сауда орталығында немесе басқа жерде болса, сыпайы түрде бас тартыңыз және адамға банктің «сенім телефонына» қоңырау шалуға кеңес беріңіз.
2. Жеңіл табыс туралы ұсыныстарға келіспеңіз.
Мұндай ұсыныс сіздің досыңыздан немесе танысыңыздан келсе де. Сізді қылмыстық мақсатта пайдалануы мүмкін және сіздің досыңыз оның заңсыз схемаға қатысып, сізді соған тартып жатқанын білмеуі мүмкін.
3. Егер бар бос жұмыс орындары сізде күдік тудырса, жұмыс берушілермен қарым-қатынасты жалғастырмаңыз.
Компанияның ресми атауын және веб-сайтының мекенжайын растаңыз және веб-сайтта көрсетілген нөмірге өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз. Сондай-ақ, компания туралы пікірлерді де қарап шығыңыз. Егер мұндай ақпарат жоқ болса, бұл да ескерту белгісі болуы мүмкін.
4. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бейтаныс адамдардың ұсыныстарына жауап бермеу.
Көп жағдайда алаяқтар дәл осы жерлерде «дроппер» (делдалдарды) іздейді – немесе жай сұхбат арқылы танысуға тырысады, не жеңіл табыс табуды ұсынады. Әрине, мұндай жұмыс туралы толық ақпаратты ала аласыз (алаяқтық схемасын түсіну үшін), бірақ сіз ешқандай тапсырма мен өтініштерді орындай алмайсыз.
5. Кез келген күмән туындаған жағдайда банкке өзіңіз қоңырау шалыңыз.
Егер сізге банкіңізден қоңырау шалып, бірақ сұхбат күдікті тақырыптар туралы болса немесе сізді ыңғайсыздандыратын болса, олардың не сұрап жатқанын біліп алыңыз, ұялы телефоныңыз арқылы сөйлесуді тоқтатыңыз және банк картаңызда көрсетілген ресми нөмір арқылы өзіңіз банктің «сенім телефонына» қайта қоңырау шалыңыз.
Сұхбат барысында банк қызметкеріне қоңырау туралы барлық мәліметтерді айтыңыз, ол сізге банк қызметкерінің шын мәнінде телефон соққанын немесе телефон соқпағанын айтып береді және осындай жағдайларда өзіңізді қалай қорғау керектігі туралы кеңес береді.
Алаяқтардан қалай құтылуға болады?
Телефон арқылы ешкімге SMS хабарламалардан алынған пароль мен кодтарды ешкімге айтпаңыз (сұхбаттасатын адам сізді кім деп таныстырса да) және сіз танымайтын адамдардың нұсқауы бойынша пластикалық картаңызбен ешқандай операция жасамаңыз;
Хабарландырулар сайты арқылы сатып алуды жүзеге асырған кезде, тауарларды немесе қызметтерді алғаннан кейін ғана төлем жасаңыз;
Белгісіз сілтемелерді баспаңыз және мобильді құрылғыңызға таныс емес қосымшаларды жүктеп алмаңыз.