Айтылуынша, өткен жылды 2023 жылмен салыстырғанда 9,1 есеге өскен. Осы кезеңде киберкеңістіктегі құқықбұзушылықтар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны 34 есеге өскен.
Осы қылмыстар нәтижесінде азамттардың 1 триллион 909 миллиард сумнан астам қаржысы талан тараж жасалған.
2019 жылы ақпараттық технологиялар арқылы 18 түрдегі 863 қылмыс жасалса, 2024 жылы 62 түрдегі 58 мың 800 қылмыс тіркеліп, киберқылмыстың жалпы қылмыстағы үлесі айтарлықтай артқаны бақыланып, олардың алдын алу қажеттілігі бұрынғыдан да өзекті етуде.
2023 жылы киберқылмыстың жалпы қылмыстағы үлесі 6,2 пайызды құраса, 2024 жылы ол 44,4 пайызға жетіп, дерлік әрбір екі қылмыстың бірі ақпараттық технологиялар арқылы жасалған. Бұл жағдай олардың алдын алу жүйесін тұрақты, жыл сайын жетілдіріп баруды талап етуде.
Киберқылмыстардың негізгі бөлігін (98 пайызы) банктік карталармен байланысты қылмыстар (киберұрлық пен кибералаяқтық) құрауда.
Киберқылмыстар негізінен мына әдістермен жасалуда:
- 60 пайыз түрлі арбаулармен банк картасы және мобильді қосымшалардағы аккаунттар басқаруын растайтын СМС кодты қолға кіріту жолымен;
- 4 пайыз жеке тұлғаның атына онлайн несие рәсімдеу арқылы;
- 11 пайыз онлайн сауда платформасындағы алаяқтық арқылы;
- 9 пайызы түрлі әдістегі алаяқтық схемалар арқылы азаматтардың ақшасын тарту жолында жасалуда.
Осы түрдегі құқықбұзушылықтың алдын алу үшін бірқатар құқықтық және ұйымдастырушылық техникалық шаралар қарастырылуда.
Жоғарыда келтірілген талдаулар мен статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кең таралуы және нақты уақыт режимінде шексіз ақпарат алмасу мүмкіндіктерінің артуы жағдайында киберқылмыстың күрделі трансұлттық проблемаға айналып отырғанын көруге болады.




