Орталық банк тарапынан халықтың қаражатын тартуға бағытталған алаяқтық схемалары («қаржы пирамидалары») белгілерін анықтау және олар туралы құқық қорғау органдарына жедел хабарлау жүйесін құратыны атап өтілді.
Жыл сайын ноябрь айы республика бойынша «Кибермәдениетті жетілдіру айы» деп жарияланады.
Киберқылмыстың формалары мен оларды жасау әдістері туралы ескерту үшін интернеттегі және әлеуметтік желілердегі мақсатты (таргет) жарнама қызметінен тегін түрде пайдаланылады.
Орталық банк 2025 жылғы 1 сентябрьге дейін төмендегі шұғыл шараларды жүзеге асырады:
— банктер, төлем жүйесі операторлары, төлем ұйымдары және несие бюроларының транзакциялары мен басқа қажетті мәліметтерді Орталық банктің бірыңғай платформасына интеграциялау;
— Орталық банкте ортралықтандырылған антифрод жүйесін және банктер, төлем жүйесі операторларының және төлем ұйымдарының антифрод жүйелерін енгізуді аяқтау.



