“Дунё” агенттігінің хабарлауынша, Мысыр тарапы жалпы құны 114.829 АҚШ доллары болған 28 дана қораптағы 7 440 дана “С” гепатитіне қарсы “Sofosbuvir-400mg” дәрі-дәрмектердің 2025 жылдағы екінші партиясын тегін берді.
7 июнь күні “Uzbekistan Airways” әуе компаниясы Мысыр үкіметі тарапынан гуманитарлық көмек ретінде берген “С” гепатитіне қарсы дәрілерді Шарм ал-Шайхтан Ташкентке жеткізді.
Өзбекстан елшілігінің мәліметінше, 2023-2024 жылдары Мысыр үкіметі елімізге “С“ гепатитімен күресу үшін жалпы салмағы 12,4 тонна болған “Daclatasvir” және “Sofosbuvir” дәрі-дәрмектері 27 партияда гиманитарлық көмек ретінде берілген.
Бұл препараттардың жалпы құны 1,4 миллион АҚШ долларын құрайды.








