Олимпиада ойындарында қырғызстандық боксшыға өзбекстандық бапкер секундант болды

    Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында қырғызстандық боксшыға жекпе-жек кезінде өзбекстандық жаттықтырушы Акмал Хасанов секунданттық етті.

    Үстіміздегі жылдың 4 августына қараған түні болған жекпе-жекте өзбекстандық бапкер жекпе-жектегі үзіліс кезінде Мунарбектің бетіне су сеуіп тұрды және оған жекпе-жек әдістері бойынша қажетті кеңестерін берді.

    Мәліметке сәйкес, Мунарбектің жеке жаттықтырушысы Беганас Сұлтанбаев аккредитация мәселесіне байланысты Парижге бара алмаған.

    Қиын-қыстау кезеңде көрші елдің спортшысына қолдау көрсеткен өзбекстандық бапкердің бұл шешімін әлеуметтік желі белсенділері Орталық Азияның бауырластығы деп қолдап жатыр.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates