Сапар барысында Танзила Нарбаева бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Каир қаласында Мысыр Араб Республикасы Сенатының Төрағасы Абдулвахоб Абдуррозиқпен кездесті.

Онда екіжақты қарым-қатынасқа қатысты бірқатар мәселелер, атап айтқанда, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және парламенттік бағыттағы белсенді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Т.Нарбаева парламентаралық байланыс елдеріміз арасындағы барлық деңгейдегі қарым-қатынастарды дамытудың маңызды механизмдердің бірі болып табылатынын атап өтіп, Мысыр парламентімен өзара ынтымақтастықты дамытуға,  жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясындағы міндеттердің барысына жүйелі парламенттік бақылау орнатуға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде, А. Абдуррозиқ соңғы жылдары өзара қарым-қатынастар жаңа, одан да жоғары деңгейге көтеріліп, түрлі салаларда үлкен іс жүзіндік нәтижелерге қол жеткізіліп жатқанын ризашылықпен атап өтті.

Бұл ретте, 2023 жылы Самарқант қаласында өткізілуі жоспарланған Араб және мұсылман елдері парламенттері әйел жетекшілерінің бірінші форумын өткізу бастамасы қолдап-қуатталды.

Сонымен қатар, тараптар арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық базасын нығайту және парламентаралық диалогты дамыту маңыздылығы атап өтілді.

Назар аударарлық жайт, сұхбатта халықтың әлеуметтік мұқтаж топтарын, сондай-ақ әйелдер мен жастарды жан-жақты қолдап-қуаттау мәселесі екі елде де мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілген үстем бағыттардың бірі болып табылатыны атап өтіліп, осы мәселе бойынша тәжірибе алмасуды және ынтымақтастықты жолға қою туралы пікір алмасылды.

Кездесуде мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынастар жайы да сөз болды.

Сұхбат барысында тараптар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және дамыту мәселелерін реттейтін «Жол картасын» жасап, іс жүзіне енгізуге келісілді.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.