Танзила Нарбаева Әзербайжан елшілігіне барды

    Белгілі болғандай, биылғы 25 декабрьде Қазақстан Республикасының Ақтау қаласында «Әзірбайжан әуе жолдары» әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

    Бұл қайғылы оқиға барша жұрттың жүрегін ауыртты.

    Аталмыш апатта зардап шеккен Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан азаматтарының отбасы мүшелеріне, жақындарына Өзбекстан Республикасының Президенті, парламенті және үкіметі терең көңіл айтты.

    Бүгін Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Әзербайжанның Өзбекстандағы елшілігіне барып, елші арқылы бауырлас Әзербайжан халқына көңіл айтты, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Бұған дейін аталмыш апатқа байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева парламенттің жоғарғы палатасы атынан қаза тапқандардың отбасы мүшелері мен жақындарына терең көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеп, Әзрбайжан Республикасы Миллий Межлисі төрайымы Сахиба Гафароваға хат жолдаған болатын.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates