Кездесу барысында Өзбекстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасылды.
Атап өтілгендей, соңғы жылдары Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық белсенді түрде дамып келеді. Үстіміздегі жылдың ноябрь айында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың Ақ үйде АҚШ Президенті Дональд Трамппен болып өткен нәтижелі келіссөздері, екіжақты қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілгенін растайды.
Сұхбат барысында Өзбекстан мен АҚШ-тың Юта штаты арасындағы экономикалық, білім беру және гуманитарлық байланыстар тұрақты түрде нығайып келе жатқаны айтылды. Сонымен қатар «Өзбекстан-Юта» бастамасы аясында жүзеге асырылған 64 бірлескен жобаның 45-і сәтті аяқталды. Бұл жобалар дипломатия, сауда, инвестиция, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени алмасу салаларын қамтыған.
Кездесу барысында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және IT-білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.








