Сенат Төрайымы жалпы мәжіліс жиынында алдымен баршаны Наурыз мерекесімен құттықтады. Өзбек мақтасына қойылған бойкоттың жойылуына, оның маңызына, осыған байланысты атқарылған жұмыстарға айрықша тоқталды.

17-19 күндері өтетін жалпы мәжілісте  бірқатар мәселелердің қаралуы  жоспарланған. «Өзбекстан Республикасының Еңбек кодексін бекіту туралы”, «Банктік емес кредиттік ұйымдар мен микроқаржы қызметі туралы», «Киберқауіпсіздік туралы», «Органикалық өнімдер туралы», «Жарнама туралы» сияқты бірқатар Өзбекстан Республикасы заңдары қаралады.

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Адам құқықтары  бойынша өкілі (Омбудсман), Сыртқы істер министрлігінің 2021 жылдағы қызметі туралы есеп беруі, Ішкі істер министрінің құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың профилактикасының жағдайы туралы  2021 жылдың қорытындысы бойынша ақпараты қаралуы көзделген.

Бұдан тыс,  Қашқадария облысы Шырақшы ауданының шекарасын өзгерту және Көкдала ауданын құру мәселесі де жалпы мәжілістің күн тәртібінде қаралды.