Ұлттық рейтингті Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі жүргізеді.
Мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындары төмендегі 4 санат бойынша ұлттық рейтингке енгізіледі:
қолданбалары ғылымдар;
медицина ғылымдары;
әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар;
шығармашылық (спорт).
Әр жылғы 1 қарашаға дейін өткен жыл үшін ұлттық рейтингтің нәтижелері жарияланады.
Сонымен қатар, жыл сайын 1 маусымға дейін студенттер, профессорлар және жұмыс берушілер арасында жалпыұлттық сауалнама және халықаралық беделді бағалауға бағытталған халықаралық сарапшылар арасында сауалнама жүргізіледі.
Ұлттық рейтингті есептеуде қолданылатын жалпы 25 көрсеткіштің 5-і ұлттық сауалнама негізінде анықталады және осы сауалнаманың нәтижелерін есепке алу үшін ЖОО студенттері мен профессор-оқытушыларының кемінде 20 пайызы сауалнамаға қатысуы қажет.