Жоғары және кәсіби оқу орындарына оқуға кіру тест сынақтары 14 июльден басталады

    Тест сынақтары күніне 2 ауысымда ұйымдастырылады. 1-ші ауысым сағат 08:00-де, 2-ші ауысым 15:00-де басталады.

    2024-2025 оқу жылында жоғары және кәсіби оқу орындарына оқуға түсу тест сынақтары 14 июльде басталатыны белгілі болды.

    Тестілеу күніне 2 ауысымда ұйымдастырылады. 1-ауысым сағат 08:00-де, 2- ауысым 15:00-де басталады. Абитуренттерден белгіленген аумаққа тестілеу басталғанға дейін кемінде бір жарым сағат бұрын келуі қажет.

    Тест сынағына қатысу үшін онлайн тіркелген абитуриенттерге my.uzbmb.uz сайты арқылы «Абитуриент рұқсаты» берілуде.

    Тестілеудің басталуына санаулы күндер қалғандықтан, талапкерлерге «Абитуриент рұқсаты» жүктеп алып, басып шығару ұсынылады.

    Өтініш берушілер рұқсатнамада белгіленген мекенжайдағы ғимаратта, көрсетілген мерзімде және ауысымда тест сынақтарға қатысады. Абитуриенттерге басқа аумақ, күн және ауысымда тест сынақтарына қатысуға рұқсат етілмейді.

    Абитуриенттер тестілеуге төлқұжатпен (ID-карта) және талапкердің рұқсат қағазымен белгіленген уақытқа дейін келуі қажет.

    Төлқұжаттың көшірмесі немесе басқа құжаттармен келген талапкерлер, сондай-ақ кешігіп келгендер тест сынаққа кірітілмейді!

    Ертең, 11 июль күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін немесе 14:00-ден 15:00-ге дейін барлық үміткерлер рұқсатнамада көрсетілген мекенжайдағы өздері тестілеуге қатысатын ғимаратқа келіп, тест сынақ өтетін орындармен танысып келуі мүмкін.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates