2022 жылдың январынан бастап Әлихан Смайылов басшылық етіп келе жатқан Қазақстан үкіметі Республика Президентінің 5 февральдағы жарлығынан соң отставкаға кетті. Президент Министрлер Кабинетіне жаңа  үкімет жасақталғанға дейін тапсырмаларды орындауды тапсырды. Сейсенбі күні таңертең Олжас Бектеновтің Премьер-министрлікке кандидатурасын  ​​«Аманат» партиясы ұсынған, Мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) бұл тағайындауды мақұлдады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абаевич Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрын атқарған қызметінен босатылды», - делінген жарлық мәтінінде.

Қырық үш жастағы Олжас Бектенов Қазақстан Президентінің әкімшілігін 2023 жылдың апрелінен бері басқарып келген еді, деп хабарлайды ria.ru.