Жедел өсу қарқыны АҚШ-тың үлесіне тура келуде. Мұнда 9 январьда 315 мың адамның СОVID-19 инфекциясын жұқтырғаны хабарланды. Бір күннен кейін бұл сан 1400-ге жетті.

Бірқатар басқа елдерде эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады.

Мәселен, соңғы күндері Филиппинде «омикрон»  доминант вариантқа айналды. Сол себепті елдегі науқастардың тәуліктік көрсеткіші 33 мыңнан асты. Бұл аймақта пандемия кезінде тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Румынияда да эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы ресми хабарламалар болды. «Біз қазір пандемияның бесінші толқынымен бетпе-бет келіп отырмыз және біз коронавирустың таралуы бойынша Еуропада жетекші  орында тұрмыз», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі А.Рафила.

10 январьдағы мәлімет бойынша, бұл жерде қазірше 1,85 миллион адам СOVID-19 инфекциясын жұқтырған. Аурудан қайтыс болғандар саны 59 мыңды құрады.

Жаңа мутация Болгария халқының денсаулығына да қауіп төндіруде. Кеше аумақта омикрон инфекциясын жұқтырған тағы 52 науқас тіркелді. Польшада аталмыш  штамның 10 жаңа жағдайы анықталып, жалпы омикронды жұқтырғандар саны 162-ге жетті.

Жаңа нұсқасы кіріп барған елдер қатарына Әзербайжан да қосылды. Көрші Қазақстан да омикрон тіркелгеннен кейін күрт өсті. Мәселен, соңғы тәулікте 2230 науқаста бұл дерт анықталды.

Түркияда жаңа жылдың бірінші күнінде 36 мың адам  СOVID-19 вирусын жұқтырған. 10 январьда  тәуліктік көрсеткіш дерлік екі есеге жуық өсіп, 65 000-ға жетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарроның айтуынша,  «омикрон» штамына байланысты  алдағы үш ай ауыр  болуы мүмкін. Бірақ бүкіл әлемде індеттің соңы жақындап қалды.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары «омикронның» кейбір қауіпті белгілерін жариялады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Оларға тыныс алудың қиындауы, кеуде қуысының тұрақты ауруы, ұйықтау қабілетінің төмендеуі, тері, ерін және тырнақтардың бозаруы жатады. Дәрігерлер сондай-ақ қатты шаршау, тамақ ауруы, құрғақ жөтел және бұлшықет ауруы соған тән белгілер деп санайды.