Кездесуде елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Оманның Салала порты арқылы Африка құрлығына шығу, реэкспортты  жолға қою, сондай-ақ балық шаруашылығы мен омарташылық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тәжірибе алмасу бойынша жұмыстарды бастауға келісілді.

Кездесу соңында  екі елдің іскерлер шеңберімен тығыз қарым-қатынас орнату және біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықта жұмыс істеуге өзара дайын екенін білдірілді, деп хабарлады Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі.