Әйелдер кәсіпкерлігін кеңейтуге бағытталған ұсыныстар мен бастамалар талқыланды

    Астанамызда Олий Мажлис Сенаты мен Сауда-өнеркәсіп палатасы бірлесіп, «Мен табысты кәсіпкер әйелмін» атты әйелдер форумын өткізді.

    Елімізде әйелдер кәсіпкерлігін жаңа деңгейге көтеруге, бизнес өкілдерін қолдап-қуаттауға бағытталған шарада Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева, Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахабов, тиісті министрліктер мен кеңселердің басшылары, сондай-ақ еліміздің өңірлерінде жұмыс істеп тұрған 200-ден астам жетекші кәсіпкер әйелдер қатысты.

    Сенат Төрайымы өз сөзінде кәсіпкерлікке енді қадам тастап жатқан әйелдерді қолдап-қуаттау, олардың қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіру мақсатында үздіксіз білім беру, жоғары технологиялық кәсіпке үйрету, жаңа қолданбаларға негізделген стартап жобаларды пайдалану, өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу үшін диалог алаңын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен ынымақтастықтағы жобаларды кеңейту мәселелеріне тоқталды.

    Сондай-ақ форум аясында табысты кәсіпкер әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісті.

    Ақпарат ретінде айта кетейік, бүгінде елімізде іскер әйелдер саны екі есеге артып, өз бизнесін жолға қойған кәсіпкер әйел-қыздар саны 200 мыңнан асты, экономикалық және өнеркәсіп салаларында әйелдердің үлесі 46 пайызды құрайды. Шағын бизнес субъектілерінің 120 мыңнан астамын, фермерлік шаруашылықтың 4 мың 550-ден астамын әйелдер басқарады.

    Мемлекет басшысының Жарлығымен биылдан бастап әйелдердің шағын бизнес және жеке кәсіпкерлікті ұйымдастыруға 100 миллион доллар бөлінді.

    Сондай-ақ, алдағы екі жылда шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесін 25 пайыздан 40 пайызға дейін арттыру бойынша үлкен мақсат қойылған.

    Бүгінде елімізде әйелдердің бизнес саласындағы жобаларын қолдау және олардың проблемаларын шешу мақсатында жер-жерлерде әйелдерді кәсіпкерлікке оқытудың, біліктіліктерін арттырудың және кәсіпкерлікті бастау үшін несие алуға іс жүзіндік көмек көрсетудің жаңа жүйесі енгізілді.

    Форумда әйелдер осы күнге дейін кәсіпкерліктің кейбір салаларында, атап айтқанда, қызмет көрсету саласында, ішінара тоқымашылық саласында белсенді жұмыс істеген болса, ал бүгінде әйел-қыздар бизнестің барлық бағытына қарқынды түрде кіріп келгені және жоғары жетістіктерге жеткені айтылды.

    Шара барысында қатысушылар әйелдердің бизнеске қатысуын кеңейту туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

    Әйел-қыздар кәсіпкерлігін дамытудың жеке бағдарламасын әзірлеу, жергілікті іскер әйелдердің халықаралық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелері келісілді.

    Форум соңында қатысушылардың маңызды деп санаған бағыттардағы нақты ұсыныстарын қамтыған Үндеу қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates