Келіссөздер құрылыс саласында уақытша жұмысқа орналасу үшін 10 мың азамат Ресей Федерациясына ұйымдасқан жұмысқа орналастыру жобасын іске асырудың алғашқы нәтижелері талқыланды. Атап айтқанда, Ресей тарапының өтініші бойынша қазіргі кезде үміткерлердің тізімі жасалып жатқаны айтылып, жобаны іске асыру кезінде тараптардың міндеттері, оны орындау мерзмі, жұмыс беруші және еңбек мигранттары арасында медициналық тексеруден өту, екпе алу, транспорт, патент ресмилендіру сияқты құжаттарға байланысты туындайтын проблемаларды шешу, жалақы мөлшері сияқты мәселелер бойынша келісілген, деп хабарлайды Сыртқы еңбек миграциясының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, осы жоба аясында азаматтарды медициналық текеруден өткізу үшін медициналық құрал-жабдықтармен Ресейдің 40 медицина қызметкері Өзбекстанға келгені, ендеше патент алуда талап етілетін медицналық тексерулер еліміздің аумақтарында жүзеге асырылуы айтылды.