Ана мен бала саматтық орталығында алғашқы «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент» атты курсы ұйымдастырылды

    3-7 май күндері Өзбекстанның Ана мен бала саламаттығы орталығының түрлі буын басшылары «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент» курсынан өтеді.

    «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент» курсының алғашқы 40 сағатын өткізу мақсатында Өзбекстан Республикасы Денсаулықты сақтау министрлігі және Республикалық мандандандырылған ана мен бала салматтығы ғылыми-практикалық медицина орталығы (РМА және БСҒЗО) тарапынан Ресей Федерациясының «Жоғары экономикалық мектеп» ұлттық зерттеу университетінің мамандары жұмылдырылады.

    Курстың ашылуында менеджмент саласындағы заманалық білімдер еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін айтарлықтай дәрежеде арттырып, еліміздің халқына көрсетілетін медициналық қызметті жаңа сапалық деңгейге шығаруға мүмкіндік беретіні баса айтылды.

    Шынында да, халықаралық тәжірибе мен түрлі деңгейдегі медициналық мекемелерді басқару әдістері туралы білу заманалық Өзбекстан мамандары үшін өзекті. Атап айтқанда, бұл туралы курсқа қатысып жатқан РМА және БСҒЗО филиалдарының басшылары өз пікірлерін білдірді.

    Хорезм филиалының басшысы Саломат Матякубованың айтуынша, менеджмент саласындағы заманауи білімдер маңызды шешімдерді тез және дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл тууға көмектесу жүйесінде өте қажет.

    «Әрине, басқару қабілетінің тәжірибесі мен дағдының арқасында қалыптасады, бірақ бұл курс туындайтын жағдайларға басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Заманауи білімге сүйене отырып, міндеттер қою және олардың шешімін табу жолдарын көрсетті», - деп атап өтті маман.

    РМА және БСҒЗО Әндіжан филиалының директоры Дилдораның айтуынша, менеджмент бойынша алған жаңа білімдерін тарату қажет. Және мұны өз мекемесінде жүзеге асырмақшы.

    РМА және БСҒЗО директоры Наталья Надырханова атап өткендей, курсты өткізу бойынша «Жоғары экономикалық мектебі» ұлттық зерттеу университетін таңдау туралы көптеген зерттеулерден кейін шешім қабылданған. Саланың барлық сарапшылары да дәл осы «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент» бағытында жеткілікті білімі жоқ. OИM MTИ-ның артықшылығы – Мәскеуден, Пермьнен, Валдайдан келген сарапшыларды, сондай-ақ Ресейдің ірі медициналық ұйымдарының тікелей басшыларын осында дәріс алу үшін тарта алды. Бұл сарапшылар мен аудитория арасында «бір кәсіби тілде» сөйлесуге мүмкіндік берді.

    Неліктен денсаулық сақтауға бүгін менежмент білімі соншалықты дәрежеде қажеттігі және оның нәзік жақтары туралы «ОИМ» Ұлттық зерттеу университетінің (Пермь) директоры Елан Шадринаның пікірімен бөлісті.

    Заманауи менеджментті үйрену және қолдану — бұл басшы үшін тиімді үдерісті ұйымдастыра білуі, мұндай адамдар бар шеберлігін іске қосып, шынайы үдеріске жұмылдырылып, оны түсінуі және өз ұйымының мүмкіндітерін басқалармен бөлісуі қажет. Міне сонда ғана нақты нәтиже болады. Мемлекеттік және жеке компаниялар ғимараттарға, құрал-жабдықтарға, медициналық құралдарға және тағы басқа да заттарға қыруар қаржы жұмсайды. Бірақ тиімді жұмыс істеу және максималды өнімділікке жету үшін бұл ресурстарды дұрыс басқара білу де қажет. Негізі денсаулық сақтаудағы менеджмент міне, осыған үйретеді, деп айтты Е. Шадрина.

    Кез келген емдеу мекемесінің табысты болуы оның дұрыс басқаруына байланысты екенін баса айтты. Бұл курс басқару міндетін және орындайтын медициналық басшы қызметкерлерге өз мекемесін қасқару жүйесін игеріп алу үшін, бұл басқаруды қысқа және ұзақ болашақты жоспарлауды үйренуге көмектесуге арналған. Өйткені стратегиялық жоспарлаусыз ұйымды болашақта дұрыс дамыту мүмкін емес. Сондықтан білім мен заманауи менеджментті қолдану әсіресе, денсаулық сақтауда ерекше маңызды. Денсаулық сақтау, белгілі болғандай, ұлттың денсаулығы мен әл-ауқатын, яғни оның болашағын қалыптастыруға қызмет етеді.

    Өзбекстанда Ана мен бала орталығының базасында Денсаулық сақтау менежменті орталығын құру жоспарланып отыр. Орталықтың негізгі міндеті – еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін жүйелі түрде менежмент даярлау, менежмент саласында басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру болмақ.

    Республикалық мамандандырылған ана мен бала саламаттығы ғылыми-практикалық медициналық орталық.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates