Аналар мен балалар арасындағы аурулар күрт азаяды

    Денсаулық 16 May 2022 2414

    Осы уақытқа дейін аудандарда (қалаларда) балалар емханасының жоқтығынан науқас балалар амбулаториялық жүйеге бармай, тікелей облыстық және республикалық ауруханаларға баруға мәжбүр еді.

    Атап айтқанда, Самарқант облыстық балалар көпсалалы медициналық орталығына 2020 жылы 187 мыңға жуық өтініш түскен болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 276 мыңнан асқан. Наманган облыстық балалар көпсалалы медициналық орталығына жүгінгендердің саны да 2020 жылдағы 68,5 мыңнан 2021 жылы 87,4 мыңға дейін өсті. Мұндай жағдайларды Ташкент, Бұхара облыстары мысалынан да байқау мүмкін.

    Сонымен қатар, қолданыстағы балалар емханалары респираторлық, тағы басқа да жұқпалы аурулар үдеген кезінде 100 пайызға дейін қосымша қысыммен жұмыс істейтіні белгілі.

    Әсіресе, маусымдық респираторлық аурулар өршіп тұрған тұста тиісті төсек-орынның жоқтығынан ауру балалар санитарлық талаптарға қайшы қосалқы бөлмелерге орналастырылатын еді.

    – Мемлекет басшысының жуырда қол қойған «2022-2026 жылдары ана мен баланы қорғауды күшейту туралы» қаулысына сәйкес, енді ағымдағы жылдың 1 майынан бастап аудандық (қалалық) көпсалалы орталық емханалар мен Ташкент қалалық отбасылық емханаларда балалар бөлімдері құрылып, оның құрамында педиатрия бағытындағы барлық мамандар жұмыс жүргізеді, – дейді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Элмира Баситханова.

    Министр орынбасарының айтуынша, құжатқа сәйкес, аудандық (қалалық) медициналық бірлестіктерде балалар анестезиология-реанимация бөлімшелері мен тәулік бойы жұмыс істейтін жедел жәрдем медициналық көмек көрсету педиатриялық постардың құрылуы да балалардың денсаулығы мен өмірін қорғаудағы маңызды қадам болып табылады.

    – Балалар ауруларын диагностикалауда аумақтардағы зертханалық тексерулердің нақтылығы мен анықтығына сыртқы сапа бақылауы орнатылмаған, сондай-ақ тексерулер халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін еді, – дейді Э.Баситханова. – Оның үстіне ұл-қыздар арасында мүгедектікке әкеп соқтыратын ауруларды ерте анықтауда арнайы генетикалық тексеруден өтуге жеткілікті жағдай болмаған.

    Енді бұл проблема да жойылды. Республикалық мамандандырылған педиатриялық ғылыми-практикалық медицина орталығында нәресте науқастарда, нәсілдік-генетикалық, сонымен қатар орфан ауруларын ерте анықтау бойынша Референс зертхана және өңірлерде оның 17 аймақтық зертханасы құрылады.

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    Анықтама үшін: Осы уақытқа дейін еліміздегі 227 перзентхана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегендіктен, қолданыстағылары ескіргендіктен соңғы 10 жылда аналар мен нәрестелер өлімінің интенсивтік көрсеткіші дерлік өзгеріссіз қалған еді.