Республика халқының 20 миллионы бала туу жасындағы балалар мен әйелдер. Олардың денсаулығына баса назар аудару мақсатында биылдан бастап барлық аудан, қалалардағы көпсалалы емханаларда балалар бөлімдері құрылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін балалар жедел жәрдем посттары мен балалар реанимация бөлімшелері қалпына келтірілді.
Перзентхана кешені мен перинаталдық орталықтар, әйелдер консультация ханалары жылына 850 мың жүкті әйелге білікті медициналық қызмет көрсетеді. Барлық орталық емханаларда онко-контроль кабинеттері жасақталып, жыл сайын 35 жастан асқан әйелдер скринингтік тексеруден өтеді. Бұл әйелдерде қатерлі ісік ауруын ерте анықтау мүмкіндігін 10 есеге арттырды.
Осы жұмыстар нәтижесінде соңғы алты жылда ана өлімінің қарқынды көрсеткіші 21-ден 15-ке, нәресте өлімі 11-ден 8-ге дейін төмендеді. Бірақ мұндай жағдайдың өзі біздің қоғам үшін үлкен қасірет.
Сондықтан жиында ана мен бала денсаулығын нығайту және аурудың алдын алу мәселелері талқыланды.
Бүгінде республикада 16 аурухана ғана асқынған жүктілікке мамандандырылған көмек көрсетеді. Сондықтан 46 аудандық және қалалық перзентхана кешені ауданаралық перинаталдық орталыққа айналатыны айтылды.
Әр емханада ұйымдастырылған 17 мың дәрігерлік бригаданың әрқайсысына білікті акушерлер оқытылып, жұмыс істеуге нұсқау берілді.
Биыл Ташкенттегі 15 перзентхандаа сәбилердің есту қабілетін тексеру жолға қойылдыы. Келер жылдан бастап мамандарды оқытып, арнайы құрал-жабдықтар сатып алынады, оны барлық перзентханаларға енгізу міндеті қойылды.
Бүгінгі таңда туу жасындағы әйелдердің денсаулығына репродуктивті денсаулық орталығы, құрсақтағы ақауларды анықтауда скринингтік тексеру орталығы, сәбилі болу процесіне акушерлік және гинекология орталығы жауапты болып табылады.
Олардың аймақтық бөлімшелері бір-бірімен байланыста жұмыс істемегендіктен әйелдер жапа шегуде.
Мемлекет басшысы осы үш мекемені біріктіріп, жаңа орталық құру қажеттігін айтты. Бұл жаңа орталық инновациялық технологиялар негізінде репродуктивті денсаулықтың медициналық-биологиялық мәселелерін шешу, туа біткен кемістіктердің алдын алу бойынша генетикалық зерттеулер жүргізу, қауіпсіз ана болуды қамтамасыз ету сияқты өте маңызды міндеттерге маманданған.