ОПЕК қорының өкілдерімен кездесу өтті

    Үстіміздегі жылдың 19 июлінде Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектепте білім министрінің бірінші орынбасары – Мектепке дейінгі тәлім-тәрбе беру агенттігінің директоры А.Шин мен Өзбекстан Республикасындағы ОПЕК қорының миссия өкілі және ОПЕК қорының мемлекеттік секторындағы операциялар бойынша аумақтық менежері Ольга Михайлова ханым арасында кездесу өтті.

    ОПЕК қорының 2023 жылдың 16 июлінен 23 июліне дейін жалғасатын миссиясының мақсаты Өзбекстандағы ОПЕК қорының ағымдағы қызметін шолу, сондай-ақ мемлекеттік сектордағы болашақ ынтымақтастықты талқылау болып табылады.

    Ақпарат үшін: Ислам Даму Банкінің «Өзбекстан Республикасындағы білім беру қызметтерінің сапасын және тиімділігін арттыру» жобасы аясында жалпы құны 66,9 миллион болып, ал ОПЕК қорының қатысуымен 20 миллион доллар көлемінде қарастырылған.

    Жобаның мақсаты – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 200 жаңа ұйымды құру арқылы беймемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымдарының желісін кеңейту, мектеп жасына дейінгі балаларды қамту 30 мың жаңа орынға жеткізу , сондай-ақ 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу мүмкіндігі туады.

    Кездесуде тараптар ОПЕК қорының қатысуымен Ислам даму банкінің біріккен жобасын іске асырудың аяқталған кезеңдерін, сондай-ақ іске асыру жоспарлары мен жобаның операциялық моделінің егжей-тегжейлеріне қатысты мәселелерді талқылады.

    Ольга Михайлова ханым ел басшылығының мектеп жасына дейінгі балалардың тең білім алуына жағдай мен білім алу мүмкіндіктерін жасауға ұмтылып отырғанын атап өтті.

    Өз кезегінде, А.Шин біріккен жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін Қордың миссиясын ұйымдастырғаны үшін өз ризашылығын білдірді. Кездесу соңында тараптар аталған жоба аясында жүзеге асырылатын барлық қажетті шаралар туралы келісімге келді, деп хабарлайды Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру агенттігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates