“Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің ескі үлгідегі 50 және 100 сумдық монетаны, сондай-ақ 50, 100, 200 және 500 сумдық банкноттарын айырбастау және айналымынан алу тәртібі туралы» Ережеге (тізім саны 3014, 2018 жылғы 19 май), негізінен ескі үлгідегі монеталар мен банкноттардың айналымда болу мерзімдері белгіленді.
Осыған орай:
2001-2002 жылдар үлгілеріндегі 50 сумдық, 2004 және 2009 жылғы үлгілердегі 100 сумдық монеталар және 1994 жылғы үлгідегі 50 және 100 сумдық банкноттар үшін 2019 жылы 1 июльге дейін;
1997 жылғы үлгідегі 200 сумдық және 1999 жылғы үлгідегі 500 сумдық банкноттар үшін 2020 жылдың 1 июліне дейін белгіленген.
Орталық банк Басқаруының 2022 жылғы 29 январындағы қаулы негізінде осы ескі үлгідегі төлем қабілетін жоғалтқан ақша белгілерін Орталық банктің Есеп-қисап касса орталықтары арқылы қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып беру мерзімі 2023 жылдың 1 январына дейін ұзартылған еді.
Бүгінгі таңда кейбір өңірлерде төлем қабілетін жоғалтқан банкноттарды алмастыру қатысты азаматтардан келіп түскен өтініштерді ескере отырып, Орталық банк басқаруының 2023 жылғы 3 июніндегі тиісті қаулысына сәйкес төлеу қабілетін жоғалтқан ескі үлгідегі 50, 100, 200 және 500 сумдық банкноттарды және 50 және 100 сумдық монеталарды Орталық банктің Есеп-қисап касса орталықтары арқылы қабылдау мен айырырбастауды жалғастыру белгіленді.
Осыған байланысты, барлық азаматтар қолында қалып кеткен ескі үлгідегі төлем қабілетін жоғалтқан жоғарыда көрсетілген номинналдардағы банктонттар мен монаталарды Орталық банктің Есеп-қисап касса орталықтарында іс жүзіндегі ақша белгілеріне еркін алмастырып алу мүмкін екен мәлімдейміз” деген хабарда.