Сондықтан биыл суық тию белгілерімен медициналық көмекке жүгінушілер саны айтарлықтай артқан. Әсіресе балалар арасында. Сонымен, мұндай жағдайда ата-аналар не істеуі қажет?

Осыған байланысты медицина ғылымдарының докторы Камола Салихова өз ұсыныстарымен бөлісті:

— Дене қызуының көтерілуі, түшкіру, мұрын бітуі және мұрыннан су ағу ОРВИ-дің алғашқы белгілері, — дейді дәрігер. – Бұл жағдай әдетте екі күнге созылады. Үшінші күннен бастап дауыстың қарлығуы, жөтел, бұлшықеттер мен буындарда ауырсыну болуы мүмкін.

Бұл ауру кезінде тәбет төмендейді, температура көтерілген кезде құсу жиі кездеседі. Егер үйде осындай ауру балалар болса, оларды бөлек бөлмеге жатқызу керек. Бөлмені жиі желдетіп тұру қажет.

Балаға аз мөлшерде, жиі сұйықтықтарды ішіру ұсынылады. Қалыпты қайнаған су немесе үйдегі жеміс шырындары жөтел мен тамақ ауруын басады және вирустардың денеден тезірек шығуына көмектеседі. Мұрын мен тамақты тұзды сумен шаю да өте қажетті ем.

Дегенмен, кейбір ата-аналар балаларында ОРВИ-дің алғашқы белгілері, мұрынның ағуы, жеңіл жөтел, дене температурасының жоғарылауы сияқты байқалса, дереу жедел жәрдем шақырады.

Алайда, егер ұл-қыздарда жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы байқалса, оны үй жағдайында да емдеуге болады. Дегенмен, бұл жағдайға  «өтіп кетер» деп жеңіл қарауға болмайды.

Егер баланың дене температурасы 38,5 градусқа дейін көтерілсе, тамақ ішпесе, қансырау, қатты ентігу белгілері, мазасыздық немесе көп ұйықтау болса, дереу «Жедел жәрдем» шақыру ұсынылады.

Науқас баланың қысқа мерзімде сауығып кетуі үшін оларды дұрыс тамақтандыру керек. Мысалы, алты айға дейінгі нәрестелерді күтуде емшек сүті өте маңызды. Сондықтан мұндай балаларды ерекшеліксіз жиі-жиі және көбірек емізу керек. Алты айдан асқан нәрестелерге емшек сүтімен бірге әдеттегідей қосымша тағамдарды беруге болады.

Кішкентай бүлдіршіндерге жасына сай, жұмсақ пісірілген, тәбетті ашатын, бұрын жеп үйренген  тағамдарды берген жөн.

Баланы ауру кезінде жиі-жиі, аз-аздан тамақтандыру керек. Ол сауығып кеткенде, біз оны әдеттегіден көбірек тамақтандыруды ұсынамыз. Бұл балаларымыздың күш-қуатын қалпына келтіру үшін маңызды.

Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.