АХҚО елдегі өтімді және теңгерімді капитал нарығын дамыту үшін құрылған. Бұл инвесторларды капитал мен қаржылық қызметтер мен инвестициялық құралдардың кең шеңберін ұсынатын жалғыз платформа. АХҚО жалпы ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейді және халықаралық қатысушыларды тарту үшін бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар енгізілген.
АХҚО басшылығы инвестициялық және қаржылық салада заңдылықты жетілдіру, банктік-қаржылық бағыттарындағы реформаларды жүзеге асыру, капитал нарықтары мен финтех стартаптарын дамытуды ынталандыру, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, Исламдық және «жасыл» қаржыландыру құралдарын енгізу және цифрландыру бойынша тәжірибесімен және қол жетізген нәтижелерімен бөлісті.
Делегация мүшелері сондай-ақ АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу бойынша комитеті, АХҚО соты, Халықаралық арбитраж орталығының (ХАО), сондай-ақ, АХҚО «Экспат орталығының», Үздіксіз кәсіби даму бюросының (BCPD), Қаржылық технологиялар орталығының (Fintech Hub) және АХҚО Биржасы сияқты АХҚО органдары ұйымдарының қызметімен танысты.
Кездесу соңында өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.