Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жалпы орта білім берудегі табиғи пәндер, технология, инженерлік және математика» жобасы аясында республика бойынша 200 жалпы білім беретін мектеп заманауи зертханалармен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар инфрақұрылымымен, күн энергиясы жүйесімен, мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін қолайлы жағдайлармен, құралдармен жабдықталады. Бұл мектептер көршілес оқу орындары үшін ресурс орталық ретінде қызмет көрсетеді.
Жоба шеңберінде STEM пәндері бойынша республика көлемінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру, пәнаралық жанасуды дамыту және қыздарды осы саладағы кәсіптерге қызықтыру үшін арнайы насихат кампанияларын өткізуді жоспарлап отыр.
Жоба Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес келеді және АДБ-ның «Стратегия—2030» бағдарламасында көрсетілген цифрлық трансформация, гендерлік теңдік және климатқа төзімділік сияқты басым бағыттарды қолдап-қуаттайды.
Биыл АДБ және Өзбекстан республикасы арасындағы серіктестіктің 30 жыл жылдығы тойлануда. Өзбекстан банкке 1995 жылы мүше болғаннан бері АДБ елдің мемлекеттік секторына жалпы сомасы 14,6 миллиард доллар несие, грант және техникалық көмек көрсеткен.
Мәлімет ретінде, Азия даму банкі 1966 жылы құрылған және 69 мүшесі бар. Азия-Тынық мұхиты аймағында инклюзивті, тұрақты және өсуді ынталандырушы жетекші көпқырлы институт саналады. Оның 50-і аймақтағы елдер.