Ташкент қаласы Мирабад ауданы, Буюк Турон көшесі, 41- және 42- үй мекенжайларында орналасқан мүліктік кешендердің сатылымға шығарылғаны белгілі болды.
Бұл ғимараттар («Шарқ» баспасы полиграциялық кәсіпорны АҚ және ӨзА ғимараттары) Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2019 жылғы 4 октябріндегі “Материалдық емес мәдени мұраның жылмайтын мүлік нысандары ұлттық тізімін бекіту туралы” 846-санды қаулысымен Материалдық емес мәдени мұраның жылжымайтын мүлік объектілері ұлттық тізіміне мәдени мұра нысаны ретінде енгізілген.
Өзбекстан Республикасының «Мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» Заңының 23-бабына сәйкес мемлекеттiк меншiктегi материалдық мәдени мұра нысандарын мемлекеттiк бақылаудан шығаруға және жекешелендiруге болмайды деп белгiленген.
Сондай-ақ Өзбекстан Республикасының «Мемлекеттік мүлікті басқару туралы» УРҚ-821-санды Заңының 19-бабының үшінші абзацына сәйкес, материалдық мәдени мұра нысандары, мұрағат құжаттары, мемлекеттік мұражайлары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, оның ішінде даңғылдар мен ботаникалық бақтар жекешелендірілмейтін мемлекеттік мүлік етір тілге тиек етілген.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мәдени мұра агенттігі тарапынан Мемлекеттік активтерді басқару агенттігіне осы мәдени мұра нысанын аукцион саудаларынан алып тастауға қатысты 21 сентябрь күні ескерту жасалды, деп хабарлайды Мәдени мұра агенттігі.