Әзербайжанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық көлемі одан әрі кеңеюде

    Үстіміздегі жылдың 14 ноябрь күні Боку қаласында іссапармен жүрген Өзбекстан Республикасы инвестициялық, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Әзербайжан Республикасының экономика министрі Микаил Жабборовпен кездесті.

    Келіссөздер кезінде екі ел арасындағы инвестициялық, сауда-экономикалық және өнеркәсіп кооперациясы мәселелері талқыланды.

    Атап айтар болсақ, өзара тауар айырбастау көлемін арттыру міндеттері қаралды.

    2022 жылдың қорытындысына орай, Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айырбастау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 53 пайызға, 2023 жылдың январь-сентябрь айларында 36,4 пайызға өскен.Тараптар өзара тауар айырбастау көлемін жылына 1 миллиард долларға жеткізу бойынша қосымша істерді жеделдетуге дайын екендіктерін білдірді.

    Өзбекстан-Әзербайжан инвестициялық компаниясы қызметінің іс жүзіндік мәселелері тақыланды. Қор есебінен қаржыландырылуы жоспарлаған болашақ инвестициялық жобалар санын көбейту және басшықты мерзімінен бұрын тағайындау бойынша келісімге келді.

    Екі ал аумағында су тазарту кешендері, туризм нысандарын құру, металл бұйымдар мен тұрмыстық техникалық, медициналық аспап-құралдардарын істеп шығаруды жолға қою, сондай-ақ, тоқымашылық кластерін ұйымдастыруда біріккен жобалардың өмірге енгізілуі толық қаралды.

    Кездесу соңында ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара ниетті екендіктерін білдірді және тақыланған жобалар мен бастамаларды жедел жүзеге асыру бойынша нақты жоспарлар мен жауапты басшылар белгіленді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің

    баспасөз қызметі.