Әзербайжанның құрметті консулы Кянан Жалилов Ташкент қаласының әкімдігіне барды.
28 февралында Ташкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Шавкат Умирзаков пен Әзірбайжан Республикасының Өзбекстандағы консулдығының өкілдері арасында кездесу өтті. Делегацияны консулдықтың құрметті консулы Қянан Жалилов басқарды.
Ш. Умурзаков қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, астанамызда жүзеге асырылып жатқан реформалардың ауқымы туралы мәлімет берді. Негізгі мақсаттар – тұрақты экономиканы қалыптастыру, әділет пен заң үстемдігін қамтамасыз ету, қолайлы инвестициялық ортаны құру, сондай-ақ қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта туризм, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өндіріс салаларында бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты.
Кянан Жалилов өз кезегінде, кездесуге ризашылығын білдіріп, Әзербайжан іскер топтарының Өзбекстандағы ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысуға мүдделілігі туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында тараптар тиімді және өзара мүдделі ынтымақтастықты орнату мақсатында екі жақтың іскер топтарымен диалогты жалғастыруға келісті, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.