Беделді конференция аясында «Узчармсаноат» бірлестігінің басшылығы Үндістанның «Solar Trans» компаниясының өкілдерімен кездесті. Әңгіменің тақырыбы - Үндістанға отандық былғары-аяқ киім өнімдерін, атап айтқанда, былғары жартылай фабрикаттарын (WET-BLUE) экспорттауды жолға қою.
Сұхбат барысында үнділік компания Өзбекстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібіндегі әлеуеті жылдан-жылға артып келе жатқанын, бүгінде өзбек өнімдерінің сапасы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Компания тек Үндістанды ғана емес, Ресей базарын да шикізатпен және дайын өніммен қамтамасыз ететін сауда үйі. Компания өкілдері үнділік кәсіпкерлерге қой терісінің бастапқы өңделген түрін (WET-BLUE) жеткізу бойынша өз бастамаларын алға тартты.
«Узчармсаноат» бұл салада ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді. Жергілікті кәсіпорындармен келіссөздер жүргізу үшін нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу келісілді. Өзбекстанда жасалған былғары бұйымдар жақын арада Үндістанға жөнелтіледі, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.