Шавкат Мирзиёев Кая Каллас бастаған делегацияны қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 27 наурыз күні Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссия вице-президенті Кая Каллас бастаған делегацияны қабылдады. Кездесуде өзара іс жүзіндегі ынтымақтастықты кеңейту және алда тұрған бірлескен шараларға дайындық мәселелері талқыланды.