Эстонияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Томас Тирс Эстонияның  іскер топтарының  өндіріс пен қызмет көрсетудің  түрлі салаларында өзбекстандық кәсіпкерлермен ынтымақтастыққа деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері логистика және көлік, білім және АКТ салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Бизнес-форум соңында Өзбекстан мен Эстонияның жетекші компаниялары арасында В2В форматында кездесулер өтті, онда қатысушылар біріккен кәсіпорындар құру және өзара мүдделі  сауда келісімдерін жасау мәселелерін  талқылады, деп хабарлайды Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі.