Әуежайда мәртебелі мейманды Әзербайжанның мәдениет министрі Одил Керимли және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Қала ұлы әзербайжан ақыны және ойшылы Мұхаммед Физулидің атымен аталған. Елдің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан бұл қала ежелден Қарабақтың «оңтүстік қақпасы» саналады.
2020 жылдан бастап Физули ауданы мен қаласында кең көлемді қалпына келтіру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2021 жылы пайдалануға берілген Физули әуежайы – осы бағытта бой көтерген маңызды нысандардың бірі. Қалада сонымен қатар заманауи тұрғын үй кешендері, медицина және білім беру мекемелері, инфрақұрылым нысандары бой түзеп, жаңалары салынуда.
2023 жылдың тамыз айында екі ел басшылары қалада Өзбекстан Президентінің бастамасымен бауырлас халықтар арасындағы берік достықтың символы ретінде бой көтерген Мырза Ұлықбек атындағы заманауи мектепті ашқан еді.