Мемлекет басшылары 31 наурыз күні Хожент қаласында өткен үшжақты жоғары деңгейдегі кездесу нәтижелерін, сондай-ақ мемлекетаралық шекара түйісу нүктесі туралы тарихи келісімнің қол қойылғанын ерекше ризашылықпен атап өтті.
Келіссөздер барысында жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру, әсіресе өнеркәсіп, көлік, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы маңызды кооперациялық жобаларды жеделдету мәселелері қаралды.
Екі ел басшылары өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуларды жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, алдағы іс-шаралар жоспары және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.