«Өзбекстан-2030» стратегиясының орындалу барысы және оны жүзеге асыру бойынша Мемлекеттік бағдарламаның биылғы жылы орындалу барысы қаралды. Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер үдерісі аясындағы жұмыстарды жандандыру, оның ішінде ұлттық құқықтық құжаттарды ұйым талаптарына сәйкестендіру мәселелері талқыланды.
Ауыз сумен қамтамасыз ету, мектеп инфрақұрылымын жақсарту, онкологиялық аурулардың алдын алу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және бәсекелестікті қамтамасыз ету жобалары бойынша нақты практикалық шараларды жалғастыру қажеттігі айтылды.
Кездесуде Өзбекстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру, соның ішінде инвесторлардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту мәселесіне назар аударылды. Осы тұрғыда кеңесші озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, коммерциялық дауларды шешудің нақты тетіктерін ұсынды.