Өзбекстан қоқыс газдарды азайтқаны үшін Дүниежүзілік банктен төлем алған әлемдегі бірінші ел болды

    Энергетика секторында эмиссияларды азайту бойынша үкімет саясатын қолдап-қуаттау бағдарламасы аясында қол жеткізген нәтижелерге орай Өзбекстан Дүниежүзілік банктен төлем алған әлемдегі бірінші ел болды.

    Бұл Дүниежүзілік банктің елге энергия тиімділігін арттыру, энергия субсидияларын қысқарту және таза энергия көздеріне өтуге көмектесуші «Өзбекстандағы энергетикалық реформалар үшін инновациялық көміртегі ресурстарын қолдау» (iCRAFT) жобасы аясында жүзеге асырылды.

    Жобаның бұл түрін банк әлемде алғаш рет жүзеге асырып отыр.

    Жоба аясында 500 мың тонналық жылыжай газдарының эмиссиясы азайтылғаны нәтижесінде Дүниежүзілік банктің Трансформациялық көміртегі активтері қоры (TCAF) Өзбекстанға 7,5 миллион доллар көлемінде грант бөлді. Бұл нәтижелерді үшінші тарап тәуелсіз түрде растады.

    Жоғарыда аталған төлем Өзбекстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы iCRAFT жобасы аясында құрылған Қысқартылған эмиссяларды сатып алу келісімшарты бойынша күтілетін бірнеше транштардың біріншісі болып табылады.

    Келісімге сәйкес, мемлекет энергетикалық секторды реформалау нәтижесінде эмиссияларды, тәуелсіз түрде расталған түрде қысқартқаны үшін 20 миллион долларға дейін грант қаржылары немесе «көміртегі қаржыларын» ала алады.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates