Өзбекстан делегациясы Сеулде Корея Республикасының Мемлекеттік заң шығару министрімен кездесті

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафоев басшылығындағы делегация Корея Республикасының Мемлекеттік заң шығару министрі Ли Ван Гюмен кездесті.

    Оңтүстік Кореяның Мемлекеттік заң шығару министрлігі 1948 жылы құрылған және мемлекеттік заңдылықты қадағалайтын және үйлестіретін орган болып табылады.

    Диалог барысында екі елдің заң шығару органдарының қызметін кеңейту және дамыту мәселелері талқыланды.

    Сондай-ақ, бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мәні мен маңызы туралы ақпарат берілді.

    Өз кезегінде, Ли Ван Гю аталмыш реформалар үдерісіне оң баға беріп, осы орайда елдің ұлттық сайлау заңдылығы мен практикасын жетілдіру, оны жалпыға бірдей мойындалған халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша қысқа мерзімде жүзеге асырылған жүйелі істер, сондай-ақ Сайлау кодексін қабылданғанын айрықша тілге тиек етті.

    Кездесуде Корея Республикасының Мемлекеттік заң шығару министрлігімен Өзбекстанның Әділет министрлігі және Олий Мажлис құзырындағы Заң шығару проблемалары мен парламенттік зерттеулер институтымен ынтымақтастықты кеңейту мәселесі бойынша пікір алысылды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates