Екінші орынды Малайзия (82,1%), ал үшінші орынды АҚШ (76,4%) иеленді.

Жарысқа әлемнің 19 елінен 34 команда қатысты. Олар 90 шақырымдық қашықтықты басып өту үдерісінде  31 рет  түрлі күрделі және күтпеген кедергілер мен тәжірибелік сынақтардан өтуі керек болды. Біздің жауынгерлер бұл қашықтықты 33 сағат 34 минутта жүріп өтті.

Сондай-ақ, біздің жауынгерлер салмағы 80 келі болған «жаралыны» 5 шақырым қашықтыққа тасымалдау бойынша абсолютті рекорд (27 минут) орнатты.