Өзбекстан аумақтары мен Үндістанның Карнатака штаты арасындағы қарым-қатынас одан әрі дамитын болады

    Өзбекстан елшісі Сардор Рустамбоев Үндістанның Карнатака штатының Бас хатшысы Раджниш Гоелмен кездесті.

    Диалог барысында Өзбекстан аймақтары мен Үндістанның осы штат арасындағы ақпараттық технологиялар, білім беру, денсаулық сақтау, фармацевтика, туризм және тағы басқа да салалардағы ынтымақтастық жасау, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды дамыту болашағы талқыланды.

    Өзбекстан экономикасының түрлі салаларына Карнатака штатының инвестицияларын, озық технологиялары мен инновациялық шешімдерін, білімдері мен дағдыларын тарту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

    2022 жылдың август айында Жызақ облысының әкімі мен Карнатака штатының бас министрі кездесуінде қол жеткізілген келісімдерге сүйене отырып, Жызақ пен Карнатака арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық салалар ынтымақтастық туралы бітімге қол қою үдерісін жетелдету маңызды екенін тілге тиек етті.

    Раджниш Гоел Карнатака штатының Өзбекстанмен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін айтып, бұл бағыттағы іс-әрекеттердің жандана түсетінін мәлімдеді. Ақпараттық технологиялар мен туризм ең тиімді сала бола алатыны атап өтілді. Ол Өзбекстанның туристік компанияларын 15-16 июнь күндері Оңтүстік Үндістан штаттарының туризм желісін дамыту мәселелеріне арнап өткізілетін шараға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates