«Дунё» АА-ның хабарлауынша, сапар барысында институттың басқару мүшесі Михаил Саврасов пен «Цифрлық экономика және бизнес» докторантурасының директоры, профессор Инна Стетсенко Ташкент мемлекеттік транспорт университетінің проректоры Бахадир Тураевпен және Миграция агенттігі директорының орынбасары Азим Хусановпен кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында көлік және логистика салаларында кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты орнату мәселелері талқыланды.
Ташкент мемлекеттік транспорт университетінде Еуропа стандарттары бойынша сертификатталған ауыр жүк тасмалдайтын көліктердің жүргізушілерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, сондай-ақ Балтық және Скандинавия елдерінің жетекші көлік-логистикалық компанияларына жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Тараптар Латвия Транспорт және коммуникация институтының профессорлары мен оқытушыларын тарта отырып, мамандандырылған практикалық және әдістемелік оқу бағдарламасын әзірлеуүдерісін бастау туралы шешім қабылдады.
Профессор Инна Стетсенко Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің профессор-оқытушылары үшін «Экотуризм және «жасыл экономика» тақырыбында баяндама жасады. Шарада Өзбекстанда туризм саласына еуропа стандарттарды енгізу және «жасыл» экономиканы дамыту бойынша тәжірибе алмасылды.