Нотариаттық палатаның төрағасы Дилшод Ашуров ISO-ның өкілі —Австрия Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің коммерциялық кеңесшісі Рудольф Лукавскидің қолынан ISO 37001:2016 стандарты мен ISO 9001:2016 стандарты бойынша сертификаттарды қабылдап алды.
Мәлімет үшін: ISO 37001:2016 стандарты бұл халықаралық деңгейде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесі болып саналады. Ол ұйымдардағы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау және жою бойынша тиімді бақылау мен басқару механизмдерін енгізуді көздейді.
ISO 37001 сертификаты:
- ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң саясат жүргізілетінін растайды;
- ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң саяса жүргізуін бекітеді;
ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтауды көрсетеді;
- халықаралық серіктестер мен инвесторлардың сенімін арттырады;
- бизнес-үдерістерді әлемдік стандарттарға бейімдеуге қызмет етеді.
Бұл сертификатқа ие болған ұйымдар өз қызметінде «сыбайлас жемқорлықсыз және ашық» қағидаттарына адал екенін көрсетеді.
ISO 9001:2016 – халықаралық сапалы менежмент жүйесінің (СМЖ) стандарты болып, ол жоғары сапалы өнім немесе қызметтер, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету үшін ұйымның өз үдерістерін қалай басқаруы керектігін көрсететін талаптарды белгілейді.
Өзбекстанның Нотариаттық палатасы еліміздегі беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар арасында осы сертификаттарды алған бірінші ұйым болды.
— Біз жүйеде 2019 жылы Президент Жарлығымен белгіленген реформалармен басталған ашықтық, жариялылық және сыбайлас жемқорлықсыз қызмет қағидаттарын дәйекті түрде жалғастырдық. Сондай-ақ, Әділет министрлігі 2021 жылы мемлекеттік органдар арасында алғашқылардың бірі болып ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандартын алғаны маңызды. Бүгін, арадан бес жыл өткен соң, Нотариаттық палата осы куәліктерді алған алғашқы беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйым ретінде тарихта қалды, — деді Нотариаттық палатаның төрағасы Дилшод Ашуров.
Шарада сөз сөйлегендер Өзбекстан Нотариаттық палатасының жүйесін жариялылық түрдегі іс-әрекеттерін жоғары бағалады.